1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №51 (15821) 2 шілде, сейсенбі 2013
2 шілде 2013
Тағы да күйеубала хақында

Алматыда “Қырғызстанның бұрынғы президентi Асқар Ақаевтың күйеубаласы Әдiл Тойғанбаев ұсталыпты” деген сөз гу ете қалған. Алматы қалалық iшкi iстер департа­мен­тi баспасөз қызметiнiң жетекшiсi Ермек Болтаевтың айтуынша, Әдiл Тойғанбаев Бос­тандық ауданының iшкi iстер басқармасына шақыртылған. Сол жерде одан түсiнiктеме алынған. Содан кейiн оны босатып жiберген.

Қырғызстан 2005 жылдан берi қарай Бермет Ақаеваның күйеуi Әдiл Тойғанбаевқа iздеу салып бағуда. Қырғызстанның бас прокуратурасының айтуынша, Қазақстан азаматы Ә.Тойғанбаев 1.3 млн. АҚШ доллары көлемiнде салық төлемеген. Ә.Тойғанбаев басқарған “Аалам сервис” 6 жыл бойы Қыр­ғызстанда “қолыңнан келсе қоншыңнан бас” деп, ойына келгенiн iстеген және т.т.
2011 жылдың тамызында Қырғызстанның талап-тiлегi бойынша Ә.Тойғанбаев Алматы iшкi iстер департаментiне шақырылған. Ол жақын уақытта Қырғыз Республикасының құқық қорғау органдарына өз аяғыммен барып, оларға түсiнiктеме беремiн” деген қолхат жазып берген. Бiрақ артынан уәдесiнен айнып кеткен.
Ә.Тойғанбаевқа бұл жолы да осы жөнiнде ескертiлдi.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар