1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №47 (15817) 18 маусым, сейсенбі 2013
18 маусым 2013
Бұрын шетелде оқытуға құмар едiк, ендi...

Елiмiздiң дiн iстерi жөнiндегi агенттiгi мен ҚМДБ (Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасы) бiрiге отырып, шетелдiң дiни оқу орындарында оқып жатқан студенттердi елге қайтаруды қолға алды.

– Шетелдiң күмәндi дiни оқу орындарында оқып жатқан студенттердi қайтарып, оларды Алматыдағы қазақ-египет ислам универси­тетiне ауыстыруды көздеп отырмыз. Қазiр Сауд Арабиясымен, Түркиямен келiссөз жүргiзiп жатырмыз. Бұдан былай шетелдердiң дiни оқу орындарында оқығысы келетiн талапкер мiндеттi түрде Қазақстан бiлiм және ғылым министрлiгiнiң арнайы рұқсатын алуы керек. Онсыз оларды шетелдiң дiни оқу орындары да оқуға қабылдамайды. Бiз қазiр осы мәселе­лердi заңдастыруға кiрiсiп те кеттiк,– дедi дiн iстерi жөнiндегi агенттiктiң төрағасы Қайрат Лама Шәрiп.
Статистикаға сүйенсек, дәл қазiр ше­телдердiң дiни оқу орындарында 500-ге жуық қазақ студентi оқып жатыр. Оның 392-сi – Араб елдерiнде, 59-ы – Сауд Арабиясында,60-ы – Пәкстанда және т.б.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар