1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №44 (15814) 6 маусым, бейсенбі 2013
6 маусым 2013
Жамбылдың ескерткiшi қорланды

Алматыда Жамбыл Жабаевтың ескерткi­шiне дәрет сындырған ер азамат қолға түстi. Бұл туралы хабарлаған Алматы қалалық iшкi iстер департаментiнiң баспасөз хатшысы Ермек Болтаев сорақы жағдайды полиция қыз­меткерi байқағанын айтады. Ескерткiш жанында тұрған 4 жiгiттiң бiрi дәрет сындыру үшiн дәл ескерткiштiң түбiне барған. Ұстал­ғандардың барлығы ауданаралық әкiмшiлiк сотта қамауда. Ер азаматтардың бұл әре­кеттерiне «бұзақылық» деген баппен әкiмшiлiк iс қозғалып, арсыз жiгiтке үш тәулiкке дейiн қамау жазасы белгiлендi. Ал қалған үшеуiне «қоғамдық орындарда мас күйiнде болғаны үшiн» деген баппен iс қозғалып, екi айлық есептiк көрсеткiш көлемiнде айыппұл салынуы мүмкiн.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар