1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №43 (15813) 4 маусым, сейсенбі 2013
4 маусым 2013
5 миллиард доллар таппай сенделдi

ENRC акционерлерiнiң консорциумына миноритарий акцияларын сатып алу үшiн 5 миллиард доллар қажет. Бұл туралы ҚазТАГ ақпарат агенттiгiне Астанадағы құпия ақпарат көздерi хабарлады.

Машкевич, Шодиев пен Ибрагимовке миноритарий акциялары не керек? Дерек көздiң айтуынша, миноритарийлердiң акцияларын сатып алған соң, негiзгi акционерлерге айналатын “еуразиялықтар” ENRC-тi сатып жiбермек.
“Консорциум корпорация жайлы жағымсыз жаңалық көбейiп кеткендiктен, өзiнше ойын жүргiзiп жатыр. Миноритарлы акцияларды арзанға сатып алып, Glencore-ға сатпақ”.
Бiрақ дерек көздiң айтуынша, корпорация акционерлерiнде жеткiлiктi қаржы жоқ. “Қолдарында ондай ақша жоқ. Сбербанк және ВТБ миноритарий акцияларын сатып алу үшiн несие беруге дайын. Алайда акционерлер нарықтан ақша тарта ала ма, мәселе сонда. Сондықтан ақша таппаса, олар банк пен (Еуразия­лық банк – ред.) сақтандыру компаниясын сатуы мүмкiн”, – дейдi дерек көз.
Миноритарий акцияларын сатып алу жөнiнде ұсыныстың ақырғы мерзiмi 3 маусымда бiткен. Машкевич, Ибрагимов пен Шодиев корпорацияның тәуелсiз директорларынан ақтық мерзiмдi тағы үш аптаға созуды сұрады. Соған қарағанда, “еуразиялық үштiктiң” расында да бос қаржысы жоқ тәрiздi.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар