1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №39 (15809) 21 мамыр, сейсенбі 2013
21 мамыр 2013
Машкевич не дейдi, Шодиев не дейдi?

Александр Машкевичтiң айтуынша, ENRC акционерлерi Еуразиялық банктi сатпайды. Миллиардер Еуразиялық банк басшылығына осыны айтып сендiрiптi.

ҚазТАГ-тың дерек көзiнiң айтуынша, жақында Алматыда банк жетекшiлерi мен акционерлердiң кездесуi өткен. Осы жиында Машкевич Еуразиялық банк топ-менедж­мен­тi­не әлгiндей әңгiме айтып, байбалам салмауға шақырған көрiнедi.
“Егер банктi сататын болсақ, сiздер мұны бiрiншi болып естисiздер. Банк сатылады деген өсектi алдына қойған мақсат-мiндеттi орындамаған арандатушылар мен жалқаулар таратып жүр. Не үшiн? Мiне, жақында қайта құру жүрiп, бәрi ауысады. Олай болса, не үшiн жұмыс iстеймiн? Ақыры бәрi өзгередi екен. Бiрақ мұның бәрi – сылтау. Арандату жасап, топ құрып, бөлектенiп жүргендерден құтылыңыздар. Ондайлар бiзге қажет емес”, – дептi Машкевич.
Бiрақ бұған дейiн ENRC-дiң тағы бiр акционерi Патох Шодиев Еуразиялық банк сатылатынын айтқан-ды. “Банктi неге сата алмайды екенбiз? Бұл – бизнес. Жақсы нарықтық баға болатын болса, сатып жiберемiз. Бiрақ әзiрге лайықты ұсыныс жоқ, сондықтан қазiр сатпаймыз”, – дедi ол.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар