1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №38 (15808) 16 мамыр, бейсенбі 2013
16 мамыр 2013
“Үкiметтiң тең жартысы – миллиардерлер”

Белгiлi экономист, “Ракурс” экономикалық талдау орталығының директоры Ораз Жандосовтың айтуынша, үкiметтегiлердiң тең жартысы – миллиардерлер. Экономист бұл ойын сейсенбi күнi жыл сайын Қазақстан бойынша өтетiн Fitch Ratings конференциясында айтты. “Бiзге табыс салығын есептейтiн кәдiмгi межеден iлгерi межеге өтетiн кез келген шығар? Үкiмет негiзiнен бұған қарсы екенi анық (онысы түсiнiктi де, үкiметтiң жартысы – миллиардерлер). Әңгiменiң бәрi табысты жария ету әзiрге мiндеттелмегендiктен, мұны қадағалау қиын болады дегенге саяды. Табысты жария ету 2017 жылы мiндеттi болмақ, егер ол тағы да кейiнге қалып жүрмесе”, – дедi О.Жандосов.

Бiрақ экономистiң айтуынша, әкiмшiлiк тұрғыдан алғанда, жалпыға бiрдей табысты жария етуге айтарлықтай кедергiлер жоқ, сондықтан оны 2015 жылдан бастауға болар едi.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар