1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №34 (15804) 3 мамыр, жұма 2013
3 мамыр 2013
Ресей 1 мамырды қалай тойлады?

Қалай дерiңiз бар ма, Ресей 1 мамырды дәл Кеңес одағы кезiндегiдей дүркiретiп тойлады. Қызыл өкiмет дәуiрлеп тұрғандағыдай Мәскеу мен Санкт-Петерборда қым-қуыт салтанатты шеру ұйымдастырды. Салтанаттың шырқын бұзбақ болған кейбiр топтарды тас-талқан еттi. Ресей президентi Владимир Путин өзi туып-өскен Санкт-Петербордағы шараға көп күш салса керек, Невский даң­­ғылы­мен 200 мың адам керней­летiп-сырнайлатып жүрiп өтiп, дәп бiр Кеңес заманы ке­лiп қал­ғандай әсер туғызды.

Айтпақшы, дәл 1 мамыр күнi В.Путин кеңестiк тағы бiр символды тiрiл­тiп, “Еңбек ерi” медалiн қайтадан жаңғыртты. Медальдiң түр-сипаты бұрынғысына қатты ұқсайды. Оның дизайны “Известия” газетiнде жарияланды. Тек қызыл жалаудың орнына ақ, көк және қызыл жолақты Ресей туы мен алтын жұлдыздың ортасындағы орақ пен балғаның орнында екi басты самұрық тұр. Артына “Ресей федерациясының Еңбек ерi” деп ойып жазыпты.
Көрдiңiз бе, империяшыл Путиннiң өзi жасап отырған тарихты қайда бұрып апара жат­қанын.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар