1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №23 (15793) 27 наурыз, сәрсенбі 2013
27 наурыз 2013
Халықтың сөзiн керектi-керексiзге бөлуге болмайды!

Халықтың сөзiн ешуақытта керектi-керексiзге бөлуге болмайды! Халықтың сөзiнiң бәрi – керектi, қажеттi. Халық әрбiр сөздi үлкен зәрулiктен, қажеттiлiктен тудырады. Ал ендi Мемлекеттiк қызмет жөнiндегi агенттiктiң төрағасы Әлихан Бәйменов 2011 жылы-ақ: “Бас­тық” деген сөздi қолданыстан шығарып тастау керек, өйткенi “бастық” деген сөз – тәңiрсiнген, оның алдына елдiң бәрi дастархан жайып, құрақ ұшатын адамның бейнесiнде қолданылады” деп бiлгiшсiнген болатын. Ақыры Әлихан дегенiне жеттi. “Бастық” деген сөз Қазақстанның мемлекеттiк қызмет лауазымдары реестрiнен түгел алынып тасталды. Ол тек бiр ғана жерде, “Мемлекет басшысы кеңсесiнiң бастығы” деген лауазымның атауы ретiнде ғана қалдырылды. Азаматтық және мемлекеттiк қызмет лауазымдарының iшiнде “бастық” деген сөз ендi кездеспейдi” дедi кеше Ә. Бәйменов.

Бұ қалай? Бiздiңше, тiл ғалымдары, тiл мамандары осынысы үшiн Ә. Бәйменовты сотқа беруi керек. Бұл – тiлге, халық тiлiне қиянат. Өзiн “өркениетшiл, еуропашыл” етiп көрсеткiсi келген Ә.Бәйменовтың осы арзан әрi жиiркенiштi тiрлiгiнiң арғы астарында, түсiне бiлсек, мемлекеттiк тiлдiң мүмкiндiгiне шек келтiру және халықтың байырғы сөзiнiң қолданыс аясын әдейi тарылту секiлдi бөгде пиғыл жатыр.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар