1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №20 (15790) 14 наурыз, бейсенбі 2013
14 наурыз 2013
Мәжiлiсшiлердi қазақ эстрадасының жайы мазалауда

Қазақ эстрада жұлдыздарының әлеумет­тiк жағдайының мәз емес, концерт беру үшiн көп шығындалатынын, күнкөрiс үшiн той жағалайтынын тiзбектеген мәжiлiсшi Мұрат Ахмадиев премьер-министрдiң атына арнайы сауал жолдады. Жөн екен. Бiрақ әншi, бишi, күйшiлерден бөлек қара нан мен қара суға зар болып, күнiн әрең көрiп отырған қарапайым халықтың күйiн де парламенттегiлер неге күйттемейдi осы? Жұмыссыздық деңгейiнiң көтерiлуi, қымбатшылық туралы жақ ашпайтын мәжiлiсшiлер мәнсiз сауал жасауға машықтанып алды. Әлде М.Ахмадиевке осындай сауал жолдатып отырған “өзiнiң” әншiлерi ме екен? 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар