1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №17 (15787) 5 наурыз, сейсенбі 2013
5 наурыз 2013
“Бiр кем дүние”

2013 жылдың 5 наурызында сағат 15:00-де Алматыдағы Саяси шешiмдер институтында (Төлебаев, 38, Мақатаев көшесiнен төмен, “Жетiсу”  бизнес орталығында, 3-қабат) жаңа “Бiр кем дүние” фильмiнiң көрсетiлiмi болады. Көрсетiлiмнен кейiн кино саласының майталмандары бүгiнгi қазақ киносының бүгiнi мен болашағы жайында ойларын ортаға салады.

Фильмде қарапайым ауыл ақсақалының өмiрi баяндалады. Ақсақалдың арманы – қасиеттi мекен – Мекке қаласына сапар шегiп, қажылығын өтеу. Алайда тiршiлiктiң сансыз сынақтары оның бұл арманына тосқауыл жасайды. Фильм өмiр қиыншылықтарына мойымай күресуге үндейдi. Көңiлге жiгер сыйлайды. Қазақтың санасына сiңiп, бойынан көрiнiс тапқан асыл құндылықтардың бiрi – ар мен ұят секiлдi ұлы ұғымды қастерлеуге, арзан абыройға, қу дүниеге алданбай, арды сақтауға шақырады.
“Бiр кем дүние” фильмiнiң продюсерi һәм сценариiн жазған белгiлi журналист Орынбасар Балтабайұлы, ал қоюшы режиссерi Төлеген Бейсет. Басты рөлдерде – ҚР еңбек сiңiрген қайраткерлерi – Оразхан Сәдуақасұлы, Шолпан Сiргебаева, Азамат Сатыпалды, Жалғас Толғанбай. Келем деушiлерге есiк ашық!
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар