1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №15 (15785) 26 ақпан, сейсенбі 2013
26 ақпан 2013
Теңдесi жоқ қылмыс

Қазақстанның бас прокуроры Асхат Дауылбаев «Қорғас iсiн» ел тарихындағы теңдесi жоқ қылмыс деп атады.

«Қорғас iсi» аяқталып келедi. Бұл – бiздiң мемлекетiмiз тарихындағы теңдесi жоқ iс. Қылмыстық iстiң көлемi 1.5 мың томды құрайды, әрбiр том – 300 парақ. Мұны жылдап оқуға болады», – дедi А.Дауылбаев жексенбi күнi КТК-ге берген сұхбатында.
ҚР бас прокуроры қылмысқа айыпталған адамдар өткен жылғы сәуiрден берi қылмыстық iс материалдарымен танысып жатқанын атап өттi. Оның айтуынша, iс бойынша тергеу аяқталған.
Ол сондай-ақ, бұл iстегi сома – орасан үлкен екенiн атап көрсеттi. «Әңгiме кедендiк төлемдер төленбеуi салдарынан қазынаға түспеген миллиардтаған бюджет қаражаттары жөнiнде болып отыр», – деп түйiндедi ол.
Еске сала кетсек, қаржы полициясы Алматы облысының кеден бекеттерiндегi ауқымды қаражат ұрлықтары туралы 2011 жылдың соңында мәлiмдеген болатын. Онда 100-ден астам адам ұйымдасқан қылмыстық топ әрекет еткен. Қаржы полициясының мәлiметтерiне қарағанда, ұйымдасқан қылмыстық топтарға құқық қорғау органдарының бiрқатар лауазымды тұлғалары қамқорлық жасаған.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар