1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №10 (15780) 7 ақпан, бейсенбі 2013
7 ақпан 2013
Н.Назарбаев жөнiндегi спектакль қойылмайтын болды

Өткен жылдың аяғында Қызылорда облысының мәдениет саласындағы бiр шенеунiгi “Бiз жуырда Қазақстан президентiнiң өмiр жолы мен қайраткерлiгi жөнiнде спектакль қоймақпыз. Бұл Қызылорда облысының мәдени өмiрiндегi ең бiр елеулi оқиға болмақ...” деп алаулатып-жалаулатқан-ды. Осыдан кейiн-ақ ел арасында “Пъесаны кiм жазған? Президенттiң ролiн кiм ойнайды? Бұл спектакльдi тек Қызылорда қаласында ғана қоя ма, жоқ аудан орталықтарына да апара ма? Спектакльдiң тұсаукесерiне Н.Назарбаевтың өзi шақырылатын шығар?..” деген секiлдi әңгiмелер желдей гулеген-дi.

Кеше осы спектакль жөнiнде “түсiнiктеме” берген Қызылорда облыстық Мәдениет бас­қармасы бастығының орынбасары Жанат Құрамысованың сөзiне сенсек, бұл спектакль қойылмайтын болыпты. “Идеяның, спектакльдiң авторы кiм?” деген сауалға Ж.Құрамысова жауап берген жоқ.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар