1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №10 (15780) 7 ақпан, бейсенбі 2013
7 ақпан 2013
“Ескi-құсқы екi ұшақ сатып алып, әуе компаниясы болып шыға келетiнiн қайтерсiң?!”

Қазақстан авиациясының кәрi тарланы, еңбек ардагерi, зейнеткер Дмитрий Душимов елiмiздiң бүгiнгi авиациясының хал-ахуалына былай деп баға бердi: “Қазақстанның авиация­сы күйреп тұр. Әуе компанияларын шамадан тыс жекешелендiру жақсылық емес. Қазақстанда осыдан үш жыл бұрын 70 жекеменшiк әуе компаниясы бар едi. Абырой болғанда, Еуро­одақ мұның бiразын “қара тiзiмге” iлiктiрдi. Азайғанның, кемiгеннiң өзiнде, дәл қазiр Қазақстанда 53 жекеменшiк әуе компаниясы бар. Шетелден ескi-құсқы екi ұшақ сатып алады да, әуе компаниясы болып шыға келедi. Сұмдық қой! 17 миллион ғана халқы бар Қазақстанға 53 компания өте көп, тым артық. Бiзге 10-15 компания толығымен жетедi... Ұшқыштар даярлау мәселесi тоқырап тұр. Мәселен, халқының саны да, жерi де Қазақстаннан әлденеше есе аз Латвияда (Рига) ұшқыштар даярлайтын керемет академия бар. Бiзде де азаматтық авиация ұшқыштарын даярлайтын академия бар. Бiрақ мұның аты ғана – академия, ал заты –   ...      Мұн­да курсанттар 1947 жылғы АН-2 ұшағын ұшырып-қондырып, “ұшқыштық өнердi” үйре­недi. Ұят-ай...”.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар