1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №7 (15777) 29 қаңтар, сейсенбі 2013
29 қаңтар 2013
Мораторийдi алып тастамақ

Көмiрсутектi жаңа кен орындарын пайдалануға жарияланған мораторий биылғы жылы өз күшiн жояды. Бұл туралы Мұнай және газ министрi Сауат Мыңбаев мәлiмдедi. Мұны Мыңбаев “Қазақстан-2050” стратегиясының аясында қолға алынатын мiндет деп түсiндiрдi.

Көмiрсутектi жаңа кен орындарын пайдалануға мораторий 2008 жылы жарияланған болатын. Бұл уақытта үкiмет жаңа салық кодексiн жасауға кiрiскен-дi. Салық салуды қатаңдатып жiберген кодекс 2009 жылдан бастап күшiне ендi. Ал 2012 жылдың қарашасында президент инвесторларды тарту үшiн кейбiр пайдалы қазбаларды өндiруге жарияланған мораторий­дi алып тастауды үкiметке жүктеген.
Мыңбаевтың ұсынысынан кейiн iле-шала Серiк Ахметов мораторий жойылғанымен, мұның Каспий теңiзiнiң қайранына қатысы болмайтынын мәлiмдедi.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар