1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №7 (15777) 29 қаңтар, сейсенбі 2013
29 қаңтар 2013
Ереуiл келiсiммен аяқталды

Өткен аптаның соңында еңбекақыны көтеру жөнiнде талап қойып, ереуiлге шыққан қытайлық “Сибу” компаниясының жұмысшылары дүйсенбi күнi жұмысқа қайтып оралды.

Маңғыстау облысы әкiмдiгiнiң баспасөз қызметi­нiң хабарлауынша, 26 қаңтарда облыс әкiмi Алик Айдарбаев Жетiбай және Солтүстiк Бозащы кен орындарында бұрғылау жұмыстарымен айналысатын «Сибу» компаниясының басшылығымен және жұмысшылармен кездескен.    
“Жиында компания басшылығы он үшiншi айлықты беруге келiстi. Жұмысшыларға наразылық акцияларын ұйымдастырған кезде еңбек заңдылықтарын сақтау керегi айтылды. Нәтижесiнде барлық бригада жұмысшылары ереуiлдi тоқтатып, күндiзгi ауысымда жұмысқа шықты”, – дейдi Маңғыстау облысының баспасөз қызметi.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар