1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №6 (15776) 24 қаңтар, бейсенбі 2013
24 қаңтар 2013
Бiрыңғай зейнетақы қорын құруды тапсырды

Кеше президент Н.Назарбаевтың қатысуымен үкiметтiң кеңейтiлген отырысы өттi. Онда президент соңғы ауыс-түйiстерге баға берiп, үкiметке “Қазақстан-2050” стратегиясының аясында бiрқатар тапсырма жүктедi.

Атап айтқанда, президент “Қазатомөнер­кәсiп” басшысы Владимир Школьникке АЭС салу мәселесiн қолға алуды тапсырды. “Атом электрстансасы туралы бұрыннан берi айтып жүрмiз. Владимир Сергеевич, – дедi президент Школьникке қарата, – сөзден iске көшетiн уақыт жеттi. Қазақстанда АЭС болуы керек және осыны қазiр қолға ала аламыз. АЭС салынатын орын белгiлеңiз”.
Сондай-ақ, мемлекет басшысы бiрыңғай зейнетақы қоры құрылатынын мәлiмдедi. Ендi барлық жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржысы осы бiрыңғай қорға өтедi.
Сонымен қатар үкiмет жанынан құрылатын ұлттық даму агенттiгi құрылатын болды. Барлық мемлекеттiк даму институттары осы агенттiктiң құрамына өтпек.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар