1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №86 (15752) 30 қазан, сейсенбі 2012
30 қазан 2012
Үкiметте құрылымдық өзгерiстер болмақ

Алдағы уақытта үкiметте құрылымдық өзгерiстер болмақ. Өзгерiс ең алдымен Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi мен Бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агент­тiктен басталатын кө­рiнедi. Ұзынқұлақтың айтуынша, екi агенттiк бiрiгуi мүмкiн.

Экономикалық даму министрлiгiне тиесiлi тарифтiк саясат жө­нiн­дегi комитет жаңа құрылым қарамағына өтуi ықтимал. Сондай-ақ Жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитет те үлкен реформаларды бастан кешiредi-мыс.
Екi бiлдей министрлiк – Экономикалық даму және сауда министрлiгi мен Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiн бiр ғана министрлiкке айналдырудың жолы талқыланып жатқан секiлдi.
Бюджет қаржысын қылғытып жатқан “Самұ­рық-Қазына” қорының тағдыры шешiлер күн де алыс емес. Құпия ақпарат көзiнiң айтуынша, “қор инвестиция тартуға құлықсыз әрi қабiлетсiз”. “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қорына қатысты сындар бұрын да айтылған. Сан түрлi құрылымдар мен еншiлес ұйымдарды бiрiктiретiн iрi қордың жұмысын қайта қарас­тыратын уақыт баяғыда жеттi.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар