1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №74 (15740) 18 қыркүйек, сейсенбі 2012
18 қыркүйек 2012
Әйелдер Марченконы тоқтатпақ

Өткен сенбiде Алматыда “Талмас” қоғамдық қозғалысы әйелдердiң зейнет жасын көтеруге қарсы рұқсат етiлген митинг өткiздi. “Сарыарқа” кинотеатрының артында өткен жиынға бас-аяғы 150 шақты адам жиналды. “Марченконы тоқтатайық!” деген ұранмен өткен наразылық шарасында сөйлеген Социалистiк қозғалыстың өкiлi Лариса Бояр: “Жаздың басында Ұлттық банктiң әйелдердiң зейнет жасын көтеру жөнiндегi бастамасына қатысты әртүрлi мемлекеттiк органдарға сұрау жiбердiк. Шенеунiктердiң арсыз жауаптары таңғалдырады. Мәселен, Ұлттық банк 2010 жылы әйелдердiң өмiр сүру жасының ұзақтығы 73 жас деп жауап бердi. Зейнет жасына жеткеннен кейiнгi болжанатын өмiр сүру ұзақтығы – 20,7 жыл. Шенеунiктерге салсақ, әйелдер тым ұзақ жасап, зейнетке тым ерте шығатын көрiнедi. Сөйтiп, олар өздерiне лайықты зейнетақыға ақша жинау мүмкiндiгi­нен айырыл­ған дегендi алға тартады”, – дедi.

Осылайша Алматыда зейнет жасын көтеруге наразылар Марченкоға қарсы митингi­летiп жатса, кеше Астанада президент Н.Назар­баев Ұлттық банк төрағасына зейнетақы жүйесiн реформалау жөнiнде ұсыныстар да­йындауға тапсырма бердi. 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар