1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №64 (15730) 16 тамыз, бейсенбі 2012
16 тамыз 2012
Челахтың адвокаттарына қысым жасалуда

Владислав Челахтың адвокаттарының бiрi – Василий Резван “бiзге қысым жасалып жатыр” деп мәлiмдедi. Оның айтуынша, Челахтың анасының мүддесiн қорғау үшiн берiлген сенiмхаттың күшiн жоюға әрекет жасалуда.

“Маған сенiмхат берген нотариус Ағыбаевты Алматының әскери тергеу басқармасына шақырып алып, менi сенiмхаттан айыруды талап етiптi. Әрине, ол көнбеген.
Адвокат Берлiқожановқа iстегендерi – тiптi сорақы. Ендi оны камераға тiнтiп кiргiзетiн болған. Қолын қабырғаға тiретiп қойып, киiмдерiнiң әр сантиметрiне дейiн тексередi екен. Бұған себеп – Владқа (В.Челах – ред.) әлдекiмдер ұялы телефонның сим-картасын бермек болған-мыс. Дәп бiр оның камерасында телефон бар сияқты...”, – дейдi В.Резван.
“Челахтың iсiне қатысты түрлi тосын жағдайлар болуы мүмкiн” деп қосты құқық қорғау­шы. Бiрақ нендей тосын оқиғалар болуы ықтимал екенiн ашып айтпады.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар