1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №57 (15723) 19 шілде, бейсенбі 2012
19 шілде 2012
В.Козловтың камерасында кемiргiштер жоқ

Ақтаудағы тергеу изоляторы бастығының орынбасары Азат Орынбасаров “Азаттыққа” берген сұхбатында қамауда отырған оппозициялық саясаткер Владимир Козловқа қысым көрсетiлдi деген ақпаратты жоққа шығарды.
Оның айтуынша, қазiргi кезде В.Козлов қалыпты жағдайдағы камерада отыр. Орынбасаровтың сөзiне қарағанда, саясаткердi ол жаққа шiлденiң 14-i күнi ауыстырған. Осыған дейiн саясаткердiң әйелi Әлия Тұрысбекова күйеуiнiң талапқа сай емес камерада отырғанын мә­лiм­деген едi. Сондай-ақ Әлия ол отырған камераның лас, ауасы тар екенiн және ол жерде егеуқұйрық, тышқандар өрiп жүргенiн айтқан-ды. А.Орынбасаровтың сөзiне сенсек, оппози­ционердi екi кiсiлiк камераға ауыстырған. Және түрмеде ешқандай кемiргiштер жоқ екен. Десек те, В.Козловқа түрменiң емес, билiктiң “кемiргiштерiнен” сақтану керек сияқты. 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар