1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №104 (15458) 31 желтоқсан, бейсенбі 2009
31 желтоқсан 2009
Тек технологтарын ғана жiберiп қойса жақсы-ау...

«Жас Алаш» газетiнiң өткен нөмiрiнде «Жер­дi жалға берге­нiң – басы бүтiн бергенiң» деген тақырыпта дөңгелек үстел өттi. Бұл дөңгелек үстелге қа­тыс­қан саясаттанушылар, қы­тайтанушы-ға­лымдар, арнайы мамандар «Қы­тайға жердi сатуға да болмайды, жалға да беруге болмайды, тiптi қазақ жерiн қытайлықтармен бiрлесiп игеруге (дәндi дақыл егу және т.т.) де болмайды!» деп шешкен-дi. Неге? Өйткенi, мұның астарында, ар жағында үлкен саяси қатер бар. Және мұның қандай қауiп-қатер екенiн де дөңгелек үстелге қатыс­қан мамандар атап-атап айтып берген едi.

Мiне, ендi қас қылғандай Қазақстан ауыл шаруашылығы министрiнiң орынбасары Арман Евниев езуi қисаймастан былай деп хабарлады: «Қазақстан Қытайға жердi жалға бермейдi, тек бiз қытайлықтармен бiрлескен ауыл шаруашылық кәсiпорнын құруға ниеттенiп отырмыз».
Ал ендi бұл «бiрлескен ауыл шаруашылық кәсiпорны» не iстейдi? «Әуелi соя, сонан кейiн жүгерi мен рапс егудiң жобасын қарастырады». Сонан соң ше? Бұл жоба қашан iске асады? «Бұл жоба 2010 жылы iске асырылады»
– Қазiр келiсiмшарт жасасып жатырмыз, жақын күндерi қытайлықтар Қа­зақстан­ға келедi, қалған мәселенi сол кезде шешемiз, – дейдi А.Евниев. А.Евни­ев­тiң айтуынша, 2014 жылы бiз жарты мил­лион гектар жерге егiлген сояны шетелге (әрине, Қытайға – ред.) экспортқа шығарады екенбiз. Жарайды, сонда бұл сояны егуге Қытайдан Қазақстанға қанша адам келедi? А.Евниевтiң айтуынша, Қытайдан тек технологтар ғана келедi. Бұл технологтар бiзге сояны егудi, күтiп-баптауды, өңдеудi үйретедi екен.
Мiне, осы жерде ерiксiз «Қытай бiзге тек технологтарын ғана жiберiп қойса жақсы-ау, технологтарының артынан жұмысшыларын да шұбыртып жүрмесе...» деген ой келедi екен.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар