1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №44 (15710) 5 маусым, сейсенбі 2012
5 маусым 2012
Халыққа оқ атқаны үшiн өмiр бойы түрмеде отырады

Тарихта “араб көктемi” деген атпен қал­ған Африка елдерiндегi жаппай төңкерiстердiң соңы диктаторлардың тақтан таюымен аяқталуда. Авторитарлы басшылар қанша жерден қару қолданып, мылтығын халыққа қарсы безеп, билiктi ұстап тұрам десе де, жеңi­лiс тауып, бармақтарын шайнап қа­лып жатыр. Өткен аптада 30 жыл бойы тақтан түспей, би­лiк­те тақымдап отырып алған Мысыр басшысы Хосни Мүбәрәк­тiң де тағдыры шешiл­дi. Бiрақ оның “бағы бар” екен. Каддафи құсап, құлан түзде жер құшқан жоқ. Оған өмiр бойы түрмеде отыру жазасы кесiлдi. Алайда бұл шешiмге наразылық танытып, он мыңнан астам халық көшеге шықты. Оны босатуға емес, керiсiнше, оған қолданылған жазаның тым жеңiлдiгiне наразы болған халық Каир, Александрия, Суэц және Әл-Мансұр қалаларының көшелерiн жауып тас­таған.

Бұған дейiн “экс-көсемге” өлiм жазасы кесiледi деп күтiлген болатын. Алайда сот оның билiк жүргiзген жылдарын “қаратүнек кезең” деп атай отырып, Мүбәрәк пен бұрынғы iшкi iстер министрi Хабиб Адлиге мәңгiлiк абақтыда отыру жазасын кестi. Оларға тағылған басты айып – наразылық шерулерiне қатысқан халықтың оққа ұшуына себепкер болған. Яғни оқ атуға жарлық берген. Үкiм жарияланған соң, оның арты Мүбәрәктiң жақтастары мен оппоненттерi арасындағы төбелеске ұласты.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар