1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №44 (15710) 5 маусым, сейсенбі 2012
5 маусым 2012
Бұрынғы судьялар қамалды

Осыдан бiр жыл бұрын қамауға алынған ҚР Жоғарғы сотының бұрынғы судьялары Алмаз Тәшенова мен Сайлаубек Жәкiшевтiң үстiнен қозғалған қылмыстық iстiң нүктесi қойылды. Ақмола облысының қылмыстық iстер бойынша арнайы мамандандырылған ауданаралық сотының шешiмiмен оларға ұзақ мерзiмге бас бостандығынан айырылу жазасы кесiлдi.

С.Жәкiшевке ҚР Қылмыстық кодексiнiң жемқорлық баптарының бiрнешеуi бойынша айып тағылып, (аса iрi көлемдегi пара беру, соттық құқықсыз сот актiлерiн шығаруға судьяларды азғындау) 12 жылға қатаң режимдегi колонияда жазасын өтеу туралы үкiм шықты. Сондай-ақ А.Тәшенова да заңсыз әрекеттерi мен лауазымды тұлғадан аса iрi көлемде пара алып, судьяларды заңсыз сот актiлерiн шығаруға итермелегенi үшiн айыпталды. Ол 10 жыл жалпы режимдегi колонияда жазасын өтейдi. Екеуi де жазасын өтеп шықаннан кейiн 5 жыл­ға дейiн мемлекеттiк қызмет атқара алмайды.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар