1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №40 (15706) 22 мамыр, сейсенбі 2012
22 мамыр 2012
ҰҚК Кошлякты қолға түсiрдi ме?

2007 жылы iз-түзсiз жоғалып кеткен “Нұрбанк” топ-менеджерлерiнiң мәйiтi осыдан бiр жыл бұрын Алматының шетiндегi “Қазтелерадио” аумағынан табылған едi. Guljan.org сайтының мәлiметiнше, ҰҚК Жолдас Темiрәлиев пен Айбар Хасеновтiң өлiмiне қатысты тергеу iсiн қайта жандандырды. Осы сайттың ҰҚК-дегi құпия ақпарат көздерi Р.Әлиевтiң сыбайласы Вадим Кошляктың қолға түскенiн хабарлады.

Кезiнде топ-менеджерлердi ұрлауға қатысты деген айып тағылған “Нұрбанктiң” жеке қауiпсiздiк қызметiнiң басшысы Ерлан Сәрсенбековтiң адвокаты Нұрлан Өстемiров жақында ҰҚК-нiң Алматыдағы бөлiмшесiне шақырылып, одан куәгер ретiнде жауап алыныпты. Мәйiттер осыдан бiр жыл бұрын табылса, тергеушiлердiң Өстемiровтi жауапқа ендi шақырғаны несi? Адвокаттың өзi мұның себебiн топ-менеджерлердi өлтiрген күдiк­тiнiң ұсталуымен байланыстырады. “Бұл Кошляк па, әлде өзге бiреу ме, мұның онша маңызы жоқ. Нақты кiнәлiнi анықтауға негiз болатын жайттар табылғандықтан, тергеу iс-шараларын қайта бастаған болуы да мүм­кiн. Егер ол қолға түссе, iс әрмен қарай жылжиды. Олай болмаған жағдайда iстi тағы да тоқтатуы мүмкiн”, – дейдi Өстемiров.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар