1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №39 (15705) 17 мамыр, бейсенбі 2012
17 мамыр 2012
Ким дәурен сүрген Қазақстанда кiм дәуiрлемейдi дейсiз?!

Кәрiстер Ресейде де тұрады. Өзбекстанда да тұрады. Қырғызстанда да кәрiс аз емес. Оны айтасыз, Әзiрбайжан мен Молдовада да кәрiстер бар. Бiрақ бұлардың бәрi де Қазақстанның кәрiстерiн­дей дәуiрлей алған жоқ.

Те, Ни, Ким, Огай... Бұлардың дәуiрлегенi соншалық, мыңғырған байлық пен аса лауазымды қызметтiң иесi болумен қатар, Қазақстанды билеп-төстеуге де тiкелей араласты. Қазiр қай саланы алып қарамаңыз, биiк лауазым иелерi арасынан “Мына жiгiт – Кимнiң кадры”, “Ал мынау – Нидiң шәкiртi”, “Мұны кезiнде Те өсiрiп едi...” дегендердi жиi кезiктiресiз. Бiздiң тарихшылардың қазiргi күнi “Алшынбайдың заманында...”, “Құнанбайдың тұсында...” деп жазатыны сияқты, ертеңгi тарихшылар да қазақ тарихын екшегенде, сарапқа салып таразылағанда “Нидiң заманында...”, “...Тенiң тұсында...”, “Кимнiң дәуiрлеген кезiнде...” деп жазатынына күмән жоқ. Өйткенi бiз, қара басқанда, осыған жол бердiк, ертеңгi тарихшылардың осылай жазуына себеп, iлiк, айғақ, дерек тауып бердiк...
Жоғарыда аты аталған алпауыттың бiрi, белгiлi миллиардер, “Қазақмыстың” қожасы Владимир Ким өз орнын ендi “тәуелсiз төрағаға” бермек. Нақтылай айтсақ, “Қазақмыстың” директорлар кеңесiнiң төрағасы В.Ким мырза былай дедi: “Мен “Қазақмыстың” директорлар кеңесi құрамында қала беремiн. Бiрақ жақында өткен арнайы отырыста бұдан былай “Қазақмысты” директорлар кеңесiнiң тәуелсiз төрағасы басқаратын болып келiсiлдi”.
“Тәуелсiз төраға” кiм сонда? Әзiрге мұны ешкiм бiлмейдi...
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар