1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №35-36 (15701-02) 8 мамыр, сейсенбі 2012
8 мамыр 2012
Қанаттың денсаулығына қауiп төндi

28 сәуiр күнi өткен “наразылар митингiсi­нен” кейiн әкiмшiлiк қамауға алынған суретшi Қанат Ибрагимовтiң денсаулығына қауiп төнiп тұр. Митингiге белсендi түрде қатыспаса да, әкiмшiлiк жауапқа тартылып, он бес күнге абақтыға қамалған суретшi аштық жариялаған болатын. Кешеден берi Қанат су iшудi де доғарыпты.

Мамырдың төртi күнi “Қазақстандағы со­циалистiк қозғалыс” кеңсесiне бейтаныс адам хабарласып, әкiмшiлiк қамауда отырған Қанат Ибрагимовтiң тамақтан бас тартып, егер өзiн соққыға жыққан полицейлерге қатаң шара қолданылмаса, өзiне-өзi қол салатынын ескерт­кенiн хабарлапты. Қ.Ибрагимов “Guljan.org” ақпараттық сайтына Алматы қалалық iшкi iстер департаментiнiң басшысы генерал-майор Тұрғымбаевтың атына жазылған шағымының көшiрмесiн жолдапты. Өз шағымында қазақ суретшiсi полиция қызметкерлерi, аға лейтенант Жанпейiсов, Шәйкеновтерге шара қолданылмаса, мерзiмi шектеусiз аштық жариялайтынын мәлiмдеген. “Егер шара қолданбасаңыздар, қазақ суретшiсiнiң өмiрi сiздердiң жауапкершiлiктерiңiзге жүктеледi. Тiрi қалсам, бүкiл халықаралық ұйымдар мен шығармашылық одақтарға, демократиялық елдердiң елшiлiктерiне өзiме жасалған қысым мен зорлықты хабарлаймын”, – делiнген суретшiнiң шағымында.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар