1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №26 (15692) 3 сәуір, сейсенбі 2012
3 сәуір 2012
Ташкент тағы дүрлiктi

Сәуiрдiң 1-i күнi түске таман Таш­кенттiң халықаралық әуежайының маңындағы жанармай стансасында жарылыс болды. Куәгерлердiң айтуынша, жары­лыс­тың аса күштi болғаны соншалық, дау­сы бiрнеше шақырымнан естiлiп, сол маңдағы үйлердiң терезесi қираған.

“РИА Новости” ақпарат агенттiгi куәгерлердiң бiрiнiң сөзiне сiлтеме жасап, жарылыстан қаза болғандар мен жараланғандардың бар екенiн хабарлады. “Ферғана.Ру” агенттiгi стансаның жанармай толы қоймасы жарылғанын, бұған ешқандай да лаңкестiктiң қатысы жоқ екенiн мәлiмдегенiмен, ұзынқұлақтар бұл жарылысқа әлдебiр экстремистiк топтардың қатысы барын жарыса айтып жатыр.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар