1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №24 (15690) 27 наурыз, сейсенбі 2012
27 наурыз 2012
Ту емес, тулақ қой мынау!

Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есеп комитетi ғимаратының маңдайында ту емес, тулақ iлiнiп тұр. Екiншi дүниежүзiлiк соғыс бiтуге таяғанда Рейхстагтың төбесiне тiгiлген ту бұған қарағанда тәуiрлеу едi. 

Көк байрақтың мұн­шама бейшара күйге түс­кенiн күнi кешеге дейiн ешкiм байқамаған. 26 нау­рызда ғана комитет қыз­мет­­керлерi дал-дұлы шыққан байрақты көрiп, “е, мынаны ауыстыру керек екен ғой” дептi селқос қана.
Теледидардан түс­пей­тiн депутат Мұрат Әбенов қатты ашулы. “Заңдылықты қадағалайды деген органның өзi осындай нәрсеге жол берсе, басқаға не жорық” дейдi депутат.
Бiр адам мен оның құрған саяси жүйесiнiң күйiн күйттеп кеткен бас прокуратураның бас­қаға мойын бұруға шамасы жоқ екенiн депутат та бiледi, әй, бiрақ айта алмайды-ау.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар