1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №21 (15687) 15 наурыз, бейсенбі 2012
15 наурыз 2012
Әблязов апелляциялық шағым түсiрдi

Ұлыбританияның жоғарғы сотының “сот­қа құрмет көрсетпедi” деген айыбымен сырттай 22 айға сотталған қуғындағы бизнесмен, оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов апелляциялық шағым түсiрдi.

Ұлыбританияның жоғарғы сотының өкiлi Шарлог Гудуиннiң хабарлауынша, 8 наурыз күнi БТА банкiнiң бұрынғы төрағасы сот шешiмiне байланысты шағымданған. Бұл апелляциялық шағымды 9 наурыз күнi судья Николас Хэмблен тiркеген. Financial News басылымының жазуынша, апелляциялық шағымның қашан қаралатыны әлi белгiсiз.
Естерiңiзге сала кетейiк, судья Найджел Тир 16 ақпанда Мұхтар Әблязовтi Лондон сотының 2009 жылғы шешiмiн, анықтап айтсақ, БТА банкi iсiн тексеруге орай активтерiн құлыптау жайлы бұйрығын орындамады деп айыптаған. Ал БТА банкiнiң қазiргi басшылары қуғындағы бизнесмендi “Ұлыбританияға кетерден бұрын банктiң бес миллиард долларын жым­қырды” деп кiнәлап, 24 ақпанда Ұлы­британия жоғарғы сотынан “Әблязов екi апта iшiнде сотқа келмесе, оны қаржы жым­қыру iсiне байланысты қорғану құқынан айыруды” сұраған едi.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар