1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №18-19 (15684-85) 6 наурыз, сейсенбі 2012
6 наурыз 2012
Өкпелемеңiз, президент мырза!..

 

Президент Н.Назарбаев алдағы уақытта “Қазақстан ЕҚЫҰ бақылаушыларын сайлауға қатыстырмауы мүмкiн” екенiн мәлiм­дедi. Сонымен бiрге президент “ЕҚЫҰ-ның бақылаушылар миссиясының бiржақты жұмыс iстейтiнiн және олар мұны сайлау кезiнде бiр елдiң екiншi елге қысым жасау құралына айналдыруға тырысатынын, олардың сайлауға дейiн басқа, сайлаудан соң бiр басқа сөйлейтiнiн” жеткiздi. “Бiз олардың өз пiкiрлерiн сайлауға дейiн даярлап қоятынын жақсы бiлемiз. Бұл ЕҚЫҰ сияқты өзара сенiмге құрылған ұйымның беделiн түсiредi. Егер бұлай бола берсе, онда ұйым бақылаушыларын сайлауларға қатыстырмаймыз”, – деген президент Қазақстанның ұйымға берген ұсыныстары әлi күнге жүзеге аспай жатқанын айтты.
Өзге мәселелердi түгелдеп жатпай-ақ, тек сайлауды ғана алайықшы. Қазақстанда сайлау әдiл өте ме? Жоқ! Билiк тарапынан әдiл сайлау өткiзуге деген ұмтылыс байқала ма? Жоқ, байқалмайды! Сайлаудың әдiлетсiз өткенi соншалық, осы соңғы өткен парламент сайлауында елдiң бәрi жерге түкiрдi ғой. Ендеше, президенттiң әдiлiн айтқан ЕҚЫҰ-ға өкпелеуiнiң еш жөнi де, қисыны да жоқ.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар