1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №15 (15681) 23 ақпан, бейсенбі 2012
23 ақпан 2012
“Еркiндiгiмнен айырылсам да, ар-ұятымнан айырылған жоқпын!”

14 жылға бас бостандығынан айырылып, қазiргi күнi қамауда отырған “Қазатомөн­дiрiсiнiң” бұрынғы президентi Мұхтар Жәкiшев­тiң үстiнен тағы да бiр қылмыстық iс қозғалды. Осыған байланысты М.Жәкiшев мәлiмдеме жасады.

“Мен бұдан былай сотқа бармаймын! Егер мен сот залында отырсам және бұл сот жабық түрде өтсе, онда менi бұл сотқа күштеп, зорлап әкелдi деп түсiнулерiңiздi өтiнемiн!” делiнген мәлiмдемеде.
“Рас, мен еркiндiгiмнен айырылдым, бiрақ ар-ұятымнан айырылған жоқпын. Сондықтан да соттың тағы да өтiрiк өтуiне, олардың жоқты-барды құрастырып көлгiрсуiне, сонан кейiн билiктiң сценарийi бойынша менi соттауына... бақырайып қарап отыра алмаймын!” дейдi М.Жәкiшев.
М.Жәкiшевтiң мәлiмдемесiнен қайран азаматтың әбден күйiнгенi, торыққаны, тарыққаны, әдiлетке жетем деген үмiтiнiң күннен-күнге алыстап бара жатқаны айқын сезiледi. “Ат жақсысын кермеден көр, Ер жақсысын түрмеден көр!” деген заман жақындап қалған жоқ па екен, осы?!.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар