1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №13 (15679) 16 ақпан, бейсенбі 2012
16 ақпан 2012
Жеке басқа табынған қоғам да бiр, соқыр-мылқау да бiр

Солтүстiк Кореяның көсемi Ким Чен Ирге өлгеннен кейiн генералиссимус атағы берiлдi. Солтүстiк Кореядағы ең биiк атақ – «Алтын жұлдыз” атағы (бiздегi Халық Қаһарманы секiлдi). Ким Чен Ир көзi тiрiсiнде мұның төртеуiн ал­ған-ды. Ендi, мiне, генералиссимус...

Айтпақшы, генералиссимус атағы Ким Чен Ирге не үшiн берiлдi? “АҚШ-пен және импе­риализммен күресте жеңiске жеткенi үшiн”. Жарлықта нақ осылай деп жазылған. Ким Чен Ир АҚШ-ты қай уақытта жеңiп жүр? Түсiнсек бұйырмасын. Ал имперализмнiң мұрты да бұзылмай, кiрпiшi де кетiлмей сол қалпында тұр емес пе?! Сонда...
“Жеке басқа табынушылық” деген, мiне, осы! Жақсылап көрiп, бiлiп, танып алыңыздар. Жеке басқа табынған қоғам да бiр, соқыр-мыл­қау да бiр: ештеңенi көрмейдi, ештеңенi естiмейдi...
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар