1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №11 (15677) 9 ақпан, бейсенбі 2012
9 ақпан 2012
Берлинде Назарбаевты наразылар қарсы алды

Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың Германияға ресми iссапары басталды. Берлинде бiр топ азаматтық белсендi Назарбаевты күтiп алу салтанатында наразылық акциясын ұйымдастырды. Германиядағы белсендi Раушан Толған­баеваның айтуынша, наразылық бiлдiрушi­лердiң ұзын қарасы 25 адам болған. Олар үкiмет үйiнiң алдында кешкi бестен жетiге дейiн тұрыпты. Акция Назарбаев мiнген кортеждiң жанында болды. Оны ұйымдастырушылар Жаңаөзен мен Шетпе оқиғасын әдiл әрi ашық тергеудi, оппозициялық саясаткерлердi қудалауды тоқтатуды талап еткен.

Белсендiлер наразылық бiлдiрiп тұрған жерге қайдан екенi белгiсiз, 40-қа жуық Назарбаевтың қолдаушысы да жиналып, Қазақстан президентiн жалау көтерiп қарсы алған.
Бiр басшыға екi түрлi көзқарастың барлығына бұл да бiр дәлел iспеттес. Наразылық акциясына жергiлiктi немiс белсендiлерi қатысса, бiр топ қазақ жастары жақтастары болып шыға келген.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар