1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №11 (15677) 9 ақпан, бейсенбі 2012
9 ақпан 2012
IFEX Винявскийдi босатуға шақырды

International Freedom of Expression Exchange («Халықаралық сөз бостандығын қорғау қауымдастығы) ұйымы Қазақстанның бас прокуроры Асхат Дауылбаевтың атына үндеу жариялап, “Взгляд” газетiнiң бас редакторы Игорь Винявскийдi босатуға шақырды. IFEX қауымдастығының сайтында Винявскийдiң үстiнен қозғалған қылмыстық iстiң саяси астары бар және оның қудалануына “Взгляд” газетiнiң Жаңаөзен оқиғасы жайлы хабар беруi түрткi болуы мүмкiн екенiн жазыпты. Осыған орай халықаралық ұйым Дауылбаевтан редактор iсiн ашық жүргiзудi және оған қатысты тергеу материалдарын дер кезiнде жариялап отыруды сұраған. «Винявскийге қарсы қозғалған қылмыстық iстiң саяси астары бар деп санаймыз және iстi азаматтық әрi саяси құқықтар жөнiндегi халықаралық пактiге сай қарауға шақырамыз. Қазақстан қол қойған бұл пактi бойынша халықаралық заң мемлекет заңынан жоғары тұрады», – делiнген мәлiмдемеде. Оған сөз бостандығын қорғайтын 29 халықаралық ұйым қол қойыпты.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар