1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №11 (15677) 9 ақпан, бейсенбі 2012
9 ақпан 2012
Ауызды қу шөппен сүртуде

Кеше “Нұр Отан” партиясының Алматы қалалық филиалының табалдырығында алматылық Құралбек Ақназаров бүгiнгi билiктiң бассыздығына қарсы наразылық шарасын өткiздi. “Жаңаөзендегi қанды оқиғаның шындығы былай тұрсын, Қызылағаштағы қырғынның ақиқаты әлi күнге ашылған жоқ. Жабулы қазан жабулы күйiнде қалды. Бар кiнәнi қарапайым халыққа жабуда. Мұндай бассыздыққа қалай шыдауға болады? Назарбаевтың өтiрiгiне қашанғы сенемiз?” – дейдi ол. Оның пiкiрiнше, ел саясатын жүргiзiп отырған “Нұр Отан” партиясы халықты үлде мен бүлдеге ораймыз деп ауызды құр шөппен сүртуде. Сондықтан да дәл қазiргi жағдайда әрбiр қазақстандық жан­айқайын ашық айтуды парыз санауы тиiс.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар