1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №7 (15673) 26 қаңтар, бейсенбі 2012
26 қаңтар 2012
Тiркеуге тұру мәселесi жеңiлдемек

Тұрғылықты орны бойынша тiркелуге мүмкiндiгi жоқ ҚР азаматтарына ендi өз жұмысында немесе оқу орнында тiркеуге тұру мүмкiндiгi берiлмек. Бұл туралы бүгiн Астанада өткен брифинг барысында Көшi-қон полициясы комитетi төрағасының орынбасары Серiк Сайынов мәлiм­деген. “Кейбiр жұмыс берушiлер қызмет­керлерiнен мiндеттi тiркелудi талап етiп жатады. Тiркеу саяжай учаскелерiнде, тұрғын үйлерде, қызметтiк мекемелерде жүзеге асады. Мәселен, егер журналист тiркелетiн жер таппай жатса, ол редак­ция­мен келiссе, бiз оны редакциясының мекен жайы бойынша тiркейтiн боламыз. Бұның бәрi халық үшiн, осы үдерiстi оңтайландыру үшiн қолға алынып отыр”, – дедi С.Сайынов. Сонымен қатар, оның айтуына қарағанда, алдағы уақытта тiркеу­ден шығу қажеттiлiгi сынды мәселе күн тәртiбiнен алынып тасталады. “Айталық, ХҚКО-ға тiркеуге тұру өтiнiшiмен келген адам бұған дейiн тiркеуде тұрған жерiнен автоматты түрде шығарылатын болады”, – деп түсiндiрдi төраға орынбасары.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар