1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №3 (15669) 12 қаңтар, бейсенбі 2012
12 қаңтар 2012
Қантөгiстен кейiнгi жарылқау

Жаңаөзендегi шағын және орта кәсiп иелерi Назарбаев университетiнде оқып, «Iскерлiк байланыс» жобасы аясында шетелде бiлiктiлiгiн жетiлдiруге барады. Бұл туралы экономикалық даму және сауда вице-министрi Марат Құсайынов Үкiмет отырысында «Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы кәсiпкерлiктi дамытудың 2012-2014 жылдарға арналған арнайы жоспарын» таныстыру кезiнде хабарлады. Бұған дейiн Назарбаев университетiнде шетелде бiлiктiлiгiн арттырған, қатаң iрiктеуден өткен кәсiпкерлер ғана оқуға мүмкiндiк болды. Сондай-ақ, осы қалада кәсiбiн жаңадан ашқан және жұмыс iстеп келе жат­қан кәсiпкерлер де қай салаға жататынына қарамастан, қаржылық көмекке ие болады. Билiктiң қанды желтоқсаннан кейiн Жаңаөзен қаласына көңiл аударғаны дұрыс. Бiрақ осындай көмектер халыққа оқ атылмай тұрып неге жасалмады, түсiнiксiз.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар