1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №3 (15669) 12 қаңтар, бейсенбі 2012
12 қаңтар 2012
Болашаққа сенiм жоқ

Алматыда арнайы баспасөз жиынын өткiзген қоғамдық ұйым өкiлдерi Батыс Қазақстандағы әлеуметтiк ахуалға жасалған әлеуметтiк тексеру жұмыстарының қорытындысын жариялады. Жиынды өткiз­ген “Аман саулық” және “Ұлағатты жан­ұя” қоғамдық қорының өкiлдерi сауалнамаға азаматтардың барлығы дерлiк қатыса алмағанын айтты. “Бiз сұрау салған жұмысшылардың 48 пайызы өмiр сүру деңгейiмен келiспейдi. Ереуiлге шыққан мұнайшылардың 85 пайызы болашаққа сенбейтiнiн байқатты. Ереуiлдеген мұнайшылардың 41 пайызы кемiнде 3-4 бала өсiрiп отырған отағасылар екен. Сауалнамаға қатысушылардың 70 пайызының банктен алған несиесi бар”,– дедi “Аман саулық” қоғамдық қорының төрайымы Б.Түменова. Мұнайшылардың жан басына шаққандағы жалақы сомасына тоқталған қоғамдық ұйым өкiлдерi бар-жоғы отбасының әрбiр мүшесiне 11 338 мың теңге ғана тиеселi екенiн жеткiздi. Мұнайшылардың ереуiл­деуiнiң төркiнi осындай әлеуметтiк жағдайдың салдарынан дейдi баспасөз спикер­лерi.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар