1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №101 (15663) 21 желтоқсан, сәрсенбі 2011
21 желтоқсан 2011
“Өлдiң Ким Чен, қор болдың...”

“Күн көсемдердiң” бiрi, Солтүстiк Ко­реяның басшысы Ким Чен Ир өттi дүниеден. Ресми ақпарға қарағанда, Ким Чен Ир сенбi күнi жүрек ауруынан көз жұмған. Жерлеу рәсiмi 28 желтоқсанда болады. Ким Чен Ирдi әкесi Ким Ир Сен жатқан мавзолейге жерлейдi.

Солтүстiк Кореяның жаңа басшысы кiм болатыны “күн көсем” өлген күнi-ақ анықталды. Ол – Ким Чен Ирдiң кенже ұлы Ким Чен Ын. Әкесiнiң жерлеу рәсiмiне де осы Ын жетекшiлiк етпек.
“Сталиннiң культi” дегендi тарихтан бiлетiнбiз. “Сталиннiң культiне” жетеқабыл культтердiң бiрi осы “Ким Чен Ирдiң культi” болды.
Солтүстiк Корея телеграф агенттiгiнен қаралы хабарды жеткiзушiнiң өксiп жылап тұрғанын көргенде Сталин түстi есiмiзге. “Өлдiң Мамай, қор болдың...” дегендi қазақ осындайда айтады екен ғой.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар