1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №101 (15663) 21 желтоқсан, сәрсенбі 2011
21 желтоқсан 2011
Орталық сайлау комиссиясын сотқа бердi

Саясаткерлер Се­рiкбай Әлi­баев пен Зәуреш Батталова Астана қа­ласының Сарыарқа ау­дан­дық сотына ОСК-нiң үстiнен арыз түсiрiп, биылғы жылдың 16 ақпанындағы “ҚР мәслихаты депутаттығына кезектi сайлауды тағайындау және ҚР мәслихаты депутаттығына кезектi сайлауды өткiзу үшiн негiзгi iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспарын жасау туралы” қаулысын заңсыз деп табуды талап еттi.

ОСК-нiң бұл қаулысында “кезектi” деген сөз бар. Ал саясаткерлер “2012 жылдың 15 қаңтарына белгiленген сайлау кезектi бола алмайды, өйткенi мәслихат депутаттарының құзырет мерзiмi әлi аяқтал­ған жоқ” дейдi.
“ҚР президентiнiң және мәслихат депутаттарының Конституция бекiтiп берген құзыретiне қол салып, заңды белден басқаны үшiн ОСК-нiң қаулысын заңсыз деп табуды талап етемiз”, – дептi талап арызда.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар