1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №91 (15653) 15 қараша, сейсенбі 2011
15 қараша 2011
Тағы да Жәкiшевтiң соты

Ертең Астана қаласының №2 Сарыарқа аудандық сотында “Қазатомөнер­кәсiп” ұлттық компаниясының бұрынғы президентi Мұхтар Жәкiшевтiң тағы бiр қылмыстық iсi бойынша сот процесi бас­талмақ. Бұл iстi Ұлттық қауiпсiздiк комитетi қозғаған болатын. ҰҚК бұл iстi Қылмыстық кодекстiң 177-бабының үш тармағы (iрi көлемдегi алаяқтық) және 176-бап (бiреудiң сенiп тапсырған мүлкiн иемдену немесе зиян келтiру) бойынша қозғалған қылмыстық iстердiң негiзiнде тергеген-дi.

“ҚазТАГ” ақпарат агенттiгiне сұхбат берген М.Жәкiшевтiң жұбайы Жәмила Жәкiшева бұл iстiң анық-қанығымен таныс емес екенiн айтыпты. Тiптi Жәкiшевтi қорғайтын адвокат Нұрлан Бейсекеевтiң өзi де iстiң бүге-шiгесiн бiлмейтiн болып шыққан.
Жәкiшевтiң бұл жолғы соты да жабық есiк жағдайында өтедi. Оған тек айыпталушының өзi мен адвокаты ғана қатысады.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар