1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №91 (15653) 15 қараша, сейсенбі 2011
15 қараша 2011
“Қазақстанға антитеррористiк саясатты өзгерту қажет”

“Қазақстан Жаңалықтары” ақпарат агент­тiгiне сұхбат берген белгiлi сая­сат­танушы Досым Сәтбаев елдегi соң­ғы оқиғаларға күштiк құрылымдарды кiнәлаудың қажетi жоқ деген пiкiр айтты. Себебi күштiк құрылымдар соңғы 10 жыл бойы террористiк ұйымдармен және экстремистермен күрес жүргiзiп келген көрiнедi. Саясаттанушының ойынша, қазiр осы күрес ашық фазаға өттi. “Мұндағы басты кiнә 20 жыл бойы экстремистiк және террористiк құрылымдардан тиiмдi қорғаныш қабiлетiн жасай алмаған мемлекеттiк жүйенiң мойнында”, – дейдi саясаттанушы. Экстремистердiң белсендi әрекетке көшуiн “Тәуекелдердi бағалау” тобының жетекшiсi iшкi және сыртқы себептермен байланыстырады. Д.Сәтбаев iшкi себептерге халықтың дiни сауаттылығының төмендiгi, кедейшiлiк, билiктiң ақпараттық-идеологиялық жұмысының төмендiгi мен жемқорлықты жатқызса, сыртқы себептердi шетелдiк экстре­мистiк ұйымдардың ықпалымен байланыстырады.

Саясаттанушы “лаңкестер тек қана құқық қорғаушыларға қарсы әрекет етедi” деген түсiнiктi жаңсақ деп есептейдi. “Менiңше, Қазақстанда әуелi құқық қорғаушыларға қарсы бағытталып, артынша бейбiт азаматтарға ұласатын тренд қалыптасып жатыр” дейдi. Бұл ретте Д.Сәтбаев билiк ең алдымен қоғамды дұрыс ақпараттандыруы қажет деп есептейдi. “Егер билiк қоғамды дер кезiнде ақпараттандырмаса, онда ақпараттық соғыстан да жеңiлiс табады”, – дейдi ол.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар