1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №83 (15645) 18 қазан, сейсенбі 2011
18 қазан 2011
Бородин кеттi, оның орнына кiм келедi?

Беларусь және Ресей одақтас мемлекет­те­рiнiң мемлекеттiк хатшысы Павел Бородин өз қызметiнен кеттi. Бұл жөнiнде арнайы хабар да таратылды. Ал ендi П.Бородиннiң орнына кiм келедi?

Павел Бородиннiң түсi де жылы, иiнi де, мiнезi де жұмсақ едi ғой. Ал ендi мұндай “жұмсақ” кадр Ресей билiгiне неге керек болмай қалды? Өйткенi уақыт күрт өз­гердi. Кедендiк одақ арқылы Ресей өзiне Беларусь пен Қазақстанды бiржолата қосып алуды, тiптi қосып ала алмаған күнде де бұл екi мемлекеттi кiрiптар (қазiргi кiрiптарлығымыз аздай-ақ),мойнынан шырмалған шыбындай шарасыз, саяси һәм экономикалық тұрғыдан толық тәуелдi ету үшiн П.Бородиннiң орнына бiр “қасқыр” кадрды қонжитпақ. Және осы азулы, батыл әрi батыра қимылдайтын кадр арқылы Беларусь – Ресей – Қазақстан одағын құрып-қалыптастырмақ. “Баяғы КСРО-ны қалпына келтiре алмасақ та, өзiмiзге Беларусь пен Қазақстанды қосып алуға шамамыз келедi”, – дейдi Ресей саясаткерлерi. Және бұл ойларын еш­кiмнен именбей, ешкiмнен жасырмай ашық айтады. Сонда бiз кiм болдық? Кiм көрiнгеннiң қанжығасында кететiн қоян болғанымыз ба?..
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар