1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №75 (15637) 20 қыркүйек, сейсенбі 2011
20 қыркүйек 2011
Қызғанған түрi

Өткен аптада сенатор Ғани Қасымов 2 қазанды Қазақстанның ғарыш күнi деп атауды ұсынған. Бұл күн – қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкiров ғарышқа ұшқан күн.

Tengrinews сайтының жазуынша, сенатордың ұсынысына қазақтан шыққан екiншi ғарышкер, Қазақстан ғарыш агенттiгiнiң төрағасы Талғат Мұсабаев жауап берiптi. Ол былай дейдi: “Барлық өркениеттi әлем бiр күндi – 1961 жылдың 12 сәуiрiн ғарыш күнi ретiнде тойлайды. Бiз неге ерекшеленуiмiз керек? Ондай мереке ешкiмде жоқ, ендеше неге бiзде ғана болуы керек? Бiз не сонда, өзгелерден ерекше ұлы ұлтпыз ба?”.
Мұсабаевтың iшiн әлдебiр қара мысықтың тырналап, маза бермей жүретiнiн бұрын да байқағанбыз. Онысын бұл жолы тағы да жасыра алмады. Тiптi батыр Тоқтардан тұңғыш ғарышкерлiктi қызғанамын деп өз ұлтына қалай тiл тигiзiп алғанын да байқамай қалған сыңайлы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар