1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №75 (15637) 20 қыркүйек, сейсенбі 2011
20 қыркүйек 2011
Аман Төлеев дiн аман

Жексенбi күнi таңертең бiрқатар рейлiк БАҚ пен интернет сайттарында Ресейдiң Кемеров облысын басқаратын қандасымыз Аман Төлеевтiң қаза болғаны туралы ақпарат жарияланды.

Кеше губернатор ауыл шаруашылығына қатысты кеңес өткiзiп, сөз арасында өзi әлгi ақпараттың жалған екенiн айтты. Қазiр Кузбасс полициясының бастығы Александр Елиннiң бұйрығымен арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, қылмыстық iс қозғау жайы талқыланып жатыр.
“Губернаторға қатысты алыпқашпа әңгiмелер шындыққа жанаспайды. Негiзгi болжамдардың бiрiн полиция зерттеп, зерделеп жатыр. Бұл сайлауалды науқан кезiнде губернатор Төлеевке қарсы экстремистiк күштердiң лас пиар-технологиясы болуы мүмкiн. Губернатор дiн аман, денсаулығы да жақсы”, – дедi А.Елин.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар