1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №70 (15632) 1 қыркүйек, бейсенбі 2011
1 қыркүйек 2011
Кеншiлер күнi неге атап өтiлмедi?

1947 жылдан берi жыл сайын тамыз айы­ның соңғы жексенбiсiнде кеншiлер кәсiби мерекесiн тойлайтын. Биыл бұл мереке атаусыз қалды. Не себептi?

Бұған тамыздың 20-сында Қарағандыдағы Күзембаев атындағы кенiштегi жарылыс себеп болыпты. Облыс әкiмшiлiгi баспасөз қызметi мерекелiк шаралардың 4 қыркүйекке шегерiлгенiн хабарлаған. Алайда кеншiлер бұған күмәнмен қарайды. “4 қыркүйек – кәдуiлгi жұмыс күнi. Сондықтан бiзге ешқандай жеңiлдiк жасалмайды, демалыс берiлмейдi”, – дейдi олар.
Маңғыстауда мұнайшылар төрт айдан берi ереуiлдеп тұр. Ендi мiне, кеншiлер наразылық таныта бастады. Мұнайшы­лар­ға кеншiлер қосылса не болмақ? Билiк осыны неге ескермейдi?
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар