1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №96 (15450) 1 желтоқсан, сейсенбі 2009
1 желтоқсан 2009
Жамбылда әкiм ауысты

Өткен аптаның соңында аман-есен айттап, құрбандық мал шалған жамбылдықтар кешегi дүйсенбiнi үлкен жаңалықпен қарсы алды. Жамбылда облыс әкiмi ауысты. Осы облысты 5 жыл 7 ай басқарған Бөрiбай Жексембин басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметiнен босатылды. Үкiмет басшысы Кәрiм Мәсiмов Жексембиннiң атқарған жұмысына рақметiн айта отырып, оның осы жылдар iшiнде атқарған еңбегiне оң баға бердi.

Жамбылға жас әкiм тағайындалды. 1969 жылы дүниеге келген Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев бұған дейiн бiрнеше үлкен қызметтер атқарғанын ел бiледi. Ендi мiне, президенттiң жарлығымен Қ.Бозымбаев Жамбыл облысының әкiмi болып тағайындалды. Ол бұған дейiн вице-министр, “Кегок” АҚ-ның басшысы қызметтерiн атқарған.
Ал Бөрiбай Жексембиннiң қандай қызметке баратыны әзiрге белгiсiз. Үкiмет басшысы “басқа қызметке ауысуына байланысты” дегенi болмаса, Жексембиннiң дәл қандай қызметке баратынын түстеп айтқан жоқ. Кеткен әкiмге де, келген әкiмге де тек сәттiлiк тiлеймiз.
 
Оралхан ДӘУIТ,
Жамбыл облысы
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар