1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №65 (15627) 16 тамыз, сейсенбі 2011
16 тамыз 2011
Ыстықкөлге демалу үшiн емес, тап бiр өлу үшiн барғандай-ақ...

Бiз бұған дейiн Ыстықкөлге демалуға барған Ерлан Балмахаев деген қазақ жiгiтiн әлдекiмдердiң ұрып жығып, ауруханаға түсiргенiн, ауруханада жатқан азаматтың халi өте ауыр екенiн хабарлаған едiк. Кеше Ерлан Балмахаев есiн жия алмаған күйi ауруханада қаза тапты.

Екi бұзақы (көрген адамдардың ай­туынша, екеуi де удай мас) әуелгiде Ерланға “Сен қайдансың?” деп сұрапты. Тиiсудiң амалы ғой. Ерланның “Алматыданмын” деуi сол-ақ екен, әй жоқ, шәй жоқ, екеуi екi жақтап алматылық жiгiттi төпелей жөнелiптi. Бұл екi бұзақы да Ерлан демалған демалыс орнына iргелес орналасқан қырғыз ауылынан көрiнедi.
Ертеде ата-бабаларымыз жазықсыз мерт болған азаматы үшiн құн сұраған. Ерлан Балмахаевтың құнын кiм сұрайды? Бiздiңше, бұл iске Қазақ үкiметiнiң араласуы керек-ақ.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар