1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №65 (15627) 16 тамыз, сейсенбі 2011
16 тамыз 2011
Украин халқы Юлия Тимошенконы соттатқызбайды!

Бiлетiндердiң айтуына қарағанда, “Қазатомөнеркәсiбi” ұлттық компаниясының бұрынғы президентi Мұхтар Жәкi­шевтi соттаған Қазақстан соты бол­ғанымен, оны шын мәнiнде соттатқандар Ресейдiң аса лауазымды шенеунiктерi көрiнедi. Өйткенi Мұхтар Жәкiшев Ресейге түк татырмай қойды. Ал Қазақстаннан ұрттап, ұрлап-жырлап, асап үйренiп қал­ған Ресей шенеунiктерi бұған көне қоя ма?! Бұлар жабыла жамандап жүрiп, Жәкiшевтi ақыры соттатып тынды...

Дәл осы “сценарий” белгiлi бiр дәрежеде Украинада да қайталанды. Украин саясаттанушыларының айтуынша, Украинаның бұрынғы премьер-министрi, белгiлi саясаткер Юлия Тимошенконың үстiнен қылмыстық iстiң қозғалуына Ресейдiң президентi Д.Медведев пен премьер-министрi В.Путиннiң тiкелей қатысы бар. Бұлар “Юлия Тимошенконы қайткен күнде де соттат!” деп Украина президентi Виктор Януковичке қысым (әрине, жасырын түрде) жасап жатқан көрiнедi.
Бiздiң өз пайымдауымызша, украин хал­қы Юлия Тимошенконы соттатқыза қоймайды. Мұхтар Жәкiшевке араша түсе алмаған қазақ зиялылары сияқты мондыбас, можантопай, көнiмпаз емес, украин зиялылары аса ұлтжанды, елгезек, ширақ әрi саяси тұрғыдан да өте сауатты ғой.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар