1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №96 (15450) 1 желтоқсан, сейсенбі 2009
1 желтоқсан 2009
Әкесiне мешiт салдырған орынбасар қызметтен кеттi

ҰҚК-нiң Алматы қаласы бойынша басқармасының төрағасы Нұржан Мырзалиев пен оның екi орынбасары қызметтен босады. Асқар Әшiмов пен Серiк Асайынов атты екi орынбасардың iшiнен соңғысы қалың жұртшылыққа “ерекше” танылды. Асайыновтың Павлодар облысында әкесiнiң құрметiне 1,5 миллион долларға мешiт салдырғаны жөнiнде “Время” газетi егжей-тегжейлi жазды. Оның ашылу салтанатына кiлең ығай мен сығайдың қатысқаны тағы белгiлi. Сонда ҰҚК офицерi мешiт салдыруға, оны ашуға барған қонақтарын арнайы ұшақпен жеткiзуге жұмсалған қыруар қаржыны қайдан алды? ҰҚК қызметкерлерiнiң “жалақысы” осынша көп пе? Мiне, осындай қалталы басқарма төрағасының орынбасары кеше қызметтен шетттетiлдi.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар